Біздің қоғамда жұмыс жоқ деп кім айтты?

0 587

 

«Бүгін таңғы 8-дер шамасында,Шымкент қаласының Тельман мөлтек ауданының бойында келе жатып,бағдаршамның қызыл жаңғанын көріп, кілт тоқтадым.Автокөлік күй табағының Қазақ радиосы толқынында Ескендір Қасанғалиев атамыздың әдемі әні айтылып,соны тындап,терең ой үстінде отырған болатынмын.Кенет тура жаныма автокөлігінің үстіндегі жүк салғышында,картоп,пияз көкөністерін артып алған,автокөлік ішін қызанақ,қырыққабақ,қиярға толтырған, жеңіл автокөлігі тоқтай қалды.Менде жай көз тастап қарап қалсам,автокөліктің жүргізушісі әйел адам екен.Мен тереземді ашып сәлемдесуге,бағдаршамның жасыл түсі жанғанға дейін әпшемізбен біршама сөйлесуге мүмкіндік туды.Әпшеміз аз уақыттың ішінде,өзінің жеті бала-шағасының бар екендігін,Аллаға шүкір ешкімнен кем болмай өмір сүріп жатқандығын,осы қызыл сәйгүлігімен талай істі бітіріп жүргендігін айтып,жүріп кетті. Әпшемізден өзін суретке түсіруге рұқсатын алып,және екі суретке түсіріп, артынан Менде қозғалдым.
Сосын қайтадан ойландым.Бізде қоғамда» жұмыс жоқ «- деп жүрген қаншама аяқ-қолдары балғадай-балғадай ,апталдай- апталдай ағаларымыздың жанында,бұл әпшеміздің қайсарлығының мықтылығына риза болмасқа шара қалмады.
Аты-жөніңізді де біле алмадым,әпкетай.Сол жеті бала-шағаңыз елдің болашағын ойлар,ақылды,парасатты,иманды,өзіңіз секілді іскер болып өсе берсін.Бақытты-баянды болсын!»
Leave A Reply

Your email address will not be published.