Алматыда табылған жиырма шақты өлі көгершін тұрғындарды шошытты

0 222
Алматылықтарды көгершіндердің жаппай қырылуына алаңдаулы. Қала орталығында 20-дан астам құстың өліктері табылды. Жергілікті тұрғындардың пайымдауынша, құстар уланып қалған,

Қала тұрғыны Анастасия Мигунова олардың ауыздарынан көбік, содан кейін қан шықты. Бірнеше сағат ішінде көз алдымда өлді. кептерлерді құтқара алмадым.

Анастасия Мигунова жол бойында өліп жатқан құстарды кеше таңертең тапқан.

Әйел қанаттыларды тамақтандырмақ еді, бірақ оларға тамақ үшін емес, өмір үшін күресіп жатқан еді. Көгершіндер әрең қозғалған.  Алматылық қыз бірден ветеринарларға қоңырау шалып, дәрі-дәрмек алуға кеткен. Қайтып оралса, құстар өліп қалған екен. Өлімге не себеп болғандығы әлі белгісіз.

Осыған ұқсас оқиға Алматыда өткен жылдың наурыз айының соңында тіркелген. Сол кезде әлеуметтік желі қолданушылары 28 панфиловшылар саябағында өлген көгершіндер жайлы мәлімдеген. Сараптамадан кейін мамандар құстар өлімін жұқпалы аурулар мен улану емес екенін айтқан. Ал әкімдікте құстар аштықтан өлді деп болжаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.