Баланы мектепке қай жаста берген жөн: Ғалымдардың зерттеуі

0 610

Финляндия елінің ғалымдары бүлдіршіннің жасы оқу үлгеріміне әсер ететінін айтады. Яғни, жылдың соңында өмірге келген баланың үлгерімі жылдың басында туғандарға қарағанда нашарлау болады деп хабарлайды Qadam.asia.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Турку университетінің ғалымдары Финляндияда 1996-2002 жылдары өмірге келген 400 мың баланың деректерін топтастырып, туған күні мен оқу үлгерімі арасындағы байланысты анықтауға тырысқан.

Екінші кезеңде оқу үлгерімі нашар 3 мың баланы іріктеп алып, бақылау жүргізген. Ғалымдар бүлдіршін балаға ақыл-ойы мен физикасы дамуы үшін уақыттың өте маңызды екенін жеткізді.

Яғни, жылдың басында туған балалар жылдың соңында өмір есігін ашқана балаларға қарағанда оқу үлгерімі жақсы болады. Жазу мен сызуды, математиканы тезірек үйренетінге ұқсайды.

Мысалы, желтоқсан айында 6 жасқа толатын бала мен қаңтарда 6 жасқа толатын баланың арасында ақыл-ой мен зияткерлік жағынан айтарлықтай айырмашылық болады.

Сол себепті ғалымдар баланы оқуға 5 жастан емес, 6-7 жасқа толғанда беру керегін айтады. Өйткені желтоқсанда 6-ға толатын балаға қарағанда, 7-ге толып барып сабаққа барған баланың оқу үлгерімі жақсы болады.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.