Ардагерді ардақтау-ұрпақ парызы

0 312

Бүгінгі таңда Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының 20 ардагері бар.Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай қала көлемінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция өткізілді.

Акция барысында «Темірқазық» және «Жалын» волонтерлық қозғалысының еріктілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша үй-жайды жинастыру, әктеу, жер қопару, ауланы қоқыстан тазарту жұмыстарын атқарды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.