Шуда бірлік күні аталып өтті

0 500

Шу ауданы ораталық Мәлік Жүнісәлиев атындағы орталық саябағында Халық аралық ынтымақтастық күніне орай 1 – мамыр мерекесі қазіргі таңдағы ахуалға байланысты форматы өзгертіліп талапқа сәйкес болып өтті.

Мерекенің басына Шу ауданы әкімі Нұржан Календеров келіп қатысып, халықтың ұлтаралық жағдайын көрді. Аудан бойынша алты ұлттық орталықтардан құралған аздаған әр – бір ұлт өкілдері өз дәстүрлері мен салттарын халық алдында шеберлікпен көрсете білді.

Ал, аудан көлемінде кәсіпкерлер тарапынан мерекеге тарту ретінде 200 – ден аса азқамтылған отбасыларға азық – түлік себеттері таратылды. Жиылған аудан тұрғындары соңыннан орталық саябақта концерттік бағдарламалар мен спорттық ойындарды тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.