Медициналық және фармацевтикалық бақылау: Жамбыл облысында 6 айда 5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жамбыл облысында халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәрілік заттардың заңды айналымын бақылау және азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2026 жылдың алғашқы алты айындағы қызметінің қорытындысын шығарды
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Есепті кезеңде облыс аумағында мемлекеттік бақылаумен 1 049 медициналық және фармацевтикалық объект қамтылды. Оның ішінде 551 объект медициналық, ал 498 объект фармацевтикалық қызмет саласына жатады. Бұл бақылау шаралары медициналық қызмет көрсету сапасын, дәрілік заттардың айналымын және сала субъектілерінің қолданыстағы талаптарды сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Департаменттің маңызды бағыттарының бірі – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі қолжетімді түрде көрсету. 2026 жылдың алты айында мемлекеттік қызметтің 7 түрі бойынша 5 011 қызмет көрсетілді. Оның басым бөлігі, яғни 4 871 қызмет немесе 97,2 пайызы медициналық бағытқа тиесілі болса, 140 қызмет немесе 2,8 пайызы фармацевтикалық сала бойынша көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында есепті кезеңде 14 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 190 адам қатысты. Маңызды көрсеткіштердің бірі – көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты Департаментке шағымдардың түспеуі.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау және олардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылуда. 2026 жылдың алғашқы алты айында Департаментке 589 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 510 өтініш немесе 86,6 пайызы медициналық қызмет көрсету мәселелеріне қатысты болса, 79 өтініш немесе 13,4 пайызы фармацевтикалық қызмет саласына байланысты болды.
Келіп түскен өтініштердің ішінде медициналық көмектің сапасына қатысты мәселелер басымдыққа ие. Бұл бағыт бойынша 288 өтініш тіркелді. Аталған көрсеткіш азаматтардың медициналық қызмет сапасына деген сұранысын және бақылау тетіктерінің маңыздылығын көрсетеді.
Бақылау нәтижесінде заңнама талаптарының сақталуына да тиісті шаралар қабылдануда. 2026 жылдың 6 айында жалпы сомасы 11,6 млн теңгеге 83 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл медициналық және фармацевтикалық қызмет субъектілерінің заң талаптарын сақтауына бақылаудың тұрақты түрде жүргізіліп отырғанын көрсетеді.
Департамент жұмысының тағы бір маңызды бағыты – медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау. Бұл ретте ведомствоаралық өзара іс-қимылға, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бақылауға, азаматтардың өтініштерін қарауға және анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауға басымдық беріледі.
Фармацевтикалық бағытта дәрілік заттардың заңды айналымын қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие. Дәрі-дәрмектердің айналымын бақылаумен қатар, оларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар да жалғасуда. Мұндай тетіктер дәрілік заттардың қозғалысын бақылауға, олардың заңды айналымын қамтамасыз етуге және азаматтардың сапалы әрі қауіпсіз дәрілік препараттарға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.
Департаменттің алты айдағы қызмет қорытындылары медициналық және фармацевтикалық саладағы мемлекеттік бақылаудың бірнеше негізгі бағытты қамтитынын көрсетеді. Олар – медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, дәрілік заттардың заңды айналымын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың өтініштерін қарау және заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
Алдағы кезеңде де Департамент осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастырып, халықтың денсаулығын қорғауға және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған шараларды күшейтеді.
Басты мақсат – тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәрілік заттардың заңды айналымын бақылау және денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.