Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілуі мүмкін
«Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді», — делінген жарлық жобасында.
Қосшы ауылы — Целиноград ауданының аумағында орналасқан ауыл. Жалпы көлемі — 2413 гектар. Аудандық орталықтан Ақмолға дейінгі арақашықтық 36 шақырым. Көше-жол желісінің ұзындығы — 185 шақырым (асфальт — 34,4 шақырым) (қиыршықтас-шағылтас жабынымен — 50 шақырым, қара жол — 98,6 шақырым). Шаруашылық кітабы бойынша халық саны — 50 600 адам.
Жоба 13 мамырға дейін ашық талқыланады. Оған мана жерде қатысуға болады.
Қосшы ауылының қазіргі жағдайы мен дамуының болашағы оның мәртебесін көтерудің қажеттілігін көрсететіні хабарланды. Ауылға қала мәртебесін беру, жылжымайтын мүліктің өтімділігін, кәсіпкерлер мен халық үшін бизнес ашуы мен дамытуына кредит ресурстарына қолжетімділігін артырады.