Оралда шенеунік күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің әріптестері мен туыстары оқиға жайлы айтып берді

0 522

 

Оралда көшенің қақ ортасында әйеді пышақтап кетті. Қаскөй жәбірленушге 18 рет пышақ сұққан. Келіншек алған жарақаттардың салдарынан ауруханада көз жұмды

Айнагүл

Айнагүл Хайруллинаның өлімі оралдықтарды дүр сілкіндірді. Полиция күдіктінің қолға түсірген. Ол марқұмның бұрынғы күйеуі болып шыққан, бұрын әкімдікте жұмыс істепті. Әріптестері күдікті туралы сөз қозғады.

«Әріптестері ол туралы жағымды пікірде, жауапкершілігі мол, еңбекқор болатын. Біз бұл жаңалық туралы естігенде сасып қалдық», — дейді Орал қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Оспан.

Бұған қоса, ер азамат бұған дейін әйеліне қол көтеріп, пышақ ала жүгіргені анықталыпты. Марқұм көзі тірісінде полиция арыз жазып, кейін қайтарып алыпты.

«Айқай-шу естілмеді, олар сөйлесу үшін далаға шығып кеткен. 5-10 минут өтер-өтпестен әріптесіміз жүігіріп кіріп: «Жедел жәрдем шақыртыңдар, оны пышақтап кетті» деп айтты. Сонда күйеуі Айнагүлді өлтіру үшін әдейі келген болып тұр ғой», — деді марқұмның жұмыстасы Айгерім.

Полиция күдіктінің көлігінен пышақ, қолғап пен қан іздерін анықтапты.

«Өкінішке орай, жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті тергеу изоляторында», — деді өңірлік ПД-нің ресми өкілі Болатбек Белгібаев.

Марқұмның туыстары ерлі-зайыптылардың шаңырағы шайқалғанын білмегендерін жеткізді. Тек өткен жылы Айнагүл балаларын ертіп кетіп қалған соң, шындықтың беті ашылыпты. Сол кезде ол күйеуінен қорлық көргенін айтқан.

«Үйінде ұратынын, қызғанып, түнімен ұйқы бермейтінін айтып берді. Келіп кешірім сұрап, бірақ артынша қайта әдетіне басып, жанжал шығарушы еді. Бірақ пышақпен келіп өлтіріп кетеді деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмепті», — дейді марқұмның әпкесі Арайлым.

Сонымен қатар, туыстары бұған дейін де күйеуі Айнагүлдің жұмысына татуласпақшы болып келіп, артынша оның қолын пышақпен тіліп жібергенін жеткізді.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Атырау қаласында орын алған еді. Абырой болғанда, зәбір көрген 33 жастағы әйел аман қалыпты.

«Соңғы кездері тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың саны артып кетті. Көп жағдайда әйелдер жақындарынан ұялып, арыздарын қайтарып алады. Сондықтан тұрмыста қысым көрсеткендерге арналған жазаны қатаңдату қажет», — дейді адвокат Жанна Оразбахова.

Айнагүл Хайруллинаның өлімінен кейін Батыс Қазақстан облысында әйелдерді қорғау арнайы бөлімі жасағы жиналып жатқыр екен. Десек те полицейлердің бұл мәселедегі қауқарсыздығын олардың өздері мойындап отыр. Сол себепті де тұрмыстық зорлық-зомбылық заң жүзінде ауыр қылмыс ретінде бекітілу керек дейді олар.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.