Мойынқұм ауданында бірқатар мәселе шешімін табуда
Мойынқұм ауданында көп жылдар бойы шешімін таппай келген күрделі проблемалар — бүгінде шешімін тауып жатыр!
Сол туралы арнайы пост жаздым, алдында уәде еткенімдей. Асықпай оқып шықсаңыздар, көп жақсы жаңалыққа куә боласыздар, мархабат!

Халық арасында «Бәрі басшыға байланысты» деген сөз жиі айтылады, және бұның өмірлік үлкен негізі бар. Ашығын айтсақ, аудан экономикасының дамуы мен ішкі ахуалы аудан басшысының ерекше қасиеттеріне, іскерлігі мен тәжірибесіне, жұмысты ұйымдастыру қабілетіне, батыл, дұрыс шешім қабылдауына байланысты десем, қателеспейтін шығармын.
Мойынқұм ауданының әкімі болып Ермек Амангелдіұлы Карентаев бір жыл тоғыз айдан бері қызмет атқаруда. Оның алдында республика, облыс көлемінде бірталай жауапты қызметтерде, басшылық лауазымдарда болып, бай тәжірибе жинағаны белгілі. Осындай да туған жеріңе Туыңды тік деп жатады халық. Әкім Ермек шалғай жатқан аудан халқының ең бірінші күрделі мәселесі – ауыз су проблемасын шешуге бірден кіріскен екен. Ауданда таза ауыз сумен қамтылмаған алыстағы Ақсүйек, Ақбақай, Қашқантеңіз, Бурылбайтал — 4 елді мекен бар екендігін біліп, осы елді мекендердің ауыз суынан бастап, республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлгізуге ықпал жасап, бүгінгі таңға аталған 4 елді-мекеннің ауыз су мәселесін абыроймен шешіп, аудандағы барлық 24 елді-мекен бүгінде 100 пайыз ауыз сумен қамтылып отыр! Ол жақтағы халықтың қуанышында бүгінде шек жоқ! Себебі оларға ауыз суды бұрын пойызбен немесе водовоз автокөлікпен тасып, ескіріп, тот басқан цистерналарға құйып, сақтап қасықтап беруші еді…

Бірақ осы ауыз су мәселесі 100 пайыз қамтылды дей отырғанымызбен, әбден тозығы жеткен құбырларын, су жинау резервуарларын қайта жаңғыртудан өткізу үшін, аудандағы бірқатар басшылардың, Қазақстан Республикасының Парламентінде отырған жерлес депутаттардың арқасында Мыңарал, Шығанақ, Бірлік, Биназар, Мойынқұм, Құмөзек ауылдарындағы су құбыры мен су жинау құрылыстарын қайта жаңартуға 8,5 миллиард теңге қаржы бөлдіріп, қазіргі таңға мердігер анықталып, жұмыстар басталып кетті. Сонымен қатар Ұланбел ауылындағы ауыз су скважинасы құмға толып шіріген екен. 2025 жылы оған аудандық бюджеттен 24,0 миллион теңге қаржы бөлініп скважинасы ұрылып, бүгінде халыққа таза су берілуде.
Қылышбай ауылында да осы уақытқа дейін ауыз сулары тұзды болып, таза ауыз су мәселесі шешілмеген болатын. Биыл аудандық бюджеттен 36,0 миллион теңге қаржы бөлініп, ауыз су скважинасы ұрылып, қосымша ауыз су 300 метр тереңдіктен таза су шығарылды. Ендігі кезекте халыққа таза ауыз су берілетін мембранасына 7 миллион теңге бөлініп, халыққа таза ауыз су берілетін болады.
Сондай-ақ Мирный ауылындағы ауыз су құбырларының әбден тозығы жетуіне және Балқаш көлінен дұрыс тартылмағандығына байланысты Мирный халқы да таза ауыз суға зәру болып отыр. Бүгінгі таңға Мирный ауылындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғыртуға 400,0 миллион теңгені құрайтын сметалық жоба әзірленді. Қазіргі таңға облыстық бюджеттен 117,7 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстары басталу үстінде.
Электр желілеріне келетін болсақ, 2025 жылға облыстық бюджет есебінен Мыңарал, Ақсүйек, Мирный ауылдарындағы тозған электр желілерін толығымен ауыстыруға 449,3 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңға Ақсүйек, Мирный ауылдарындағы электр желілері мен бағаналары толығымен ауыстырылды.
Ал Мыңарал ауылындағы электр желілерін толығымен ауыстыру үшін биыл 290,1 миллион теңге қосымша қаржы бөлінді.
Аудандағы жол саласына да көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын аудандағы елдімекендердің ішкі көшелеріне де орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек Мойынқұм-Бірлік тас жолының Көкжелек маңындағы тас жолы әбден жамалып, тозығы жеткен болатын. Аталған мәселені облыс әкіміне жеткізіп, биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автожолының 10-26 шақырым аралығын орта жөндеу үшін облыстық бюджеттен 930,3 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңға Көкжелек ауылының жанынан өтетін тас жолы сүріліп, онда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп жылдан бері жыр болып жүрген Мойынқұм ауылының іргесіндегі Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 555 миллион теңге, облыстық бюджеттен 60 миллион теңге қаржы қарастырылып, бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.
Сондай-ақ, 2025 жылы облыстық бюджет есебінен Қарабөгет ауылына кіре беріс аудандық мәндегі автомобиль жолындағы көпір құрылысына 181,0 миллион теңге қаржы бөлініп, 2025 жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары аяқталды. Ал 2026 жылға аудандық бюджеттен 173,1 миллион теңге қаржы бөлінді. Нысан осы жылдың маусым айында пайдалануға берілетін болады.
Мәдениет және спорт саласы бойынша «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында жобалық сметалық құны 340,4 миллион теңгені құрайтын Айдарлы ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған болатын. Осы нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда аяқталмай тұрып қалған. Бұл да Ермек Карентаевтың ауданға келген кездегі шешетін ең бірініші мәселенің бірі болатын. Бұны да әріптестерімен бірге тындырымды жұмыс жасап, 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Айдарлы ауылындағы кітапхана мен 90 орындық клубтың құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталған болатын. Жобалық сметалық құны 256,0 миллион теңге. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ 2025 жылы облыстық бюджеттен 193,0 миллион теңге қаржы бөлініп, Бірлік ауылындағы орталық стадионға жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары да толықтай аяқталып, осы жылдың мамыр айында салтанатты түрде ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, аудандық бюджеттен 37,9 миллион теңге қаржы бөлініп, Мойынқұм, Қияқты ауылдарында заманауи футбол алаңшасы ел игілігіне берілсе, аудандағы тозығы жеткен 7 футбол алаңшаларын қайта қалпына келтіруге аудандық бюджеттен 41,3 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңға жұмыстар толығымен аяқталды.
Сондай-ақ Күшаман ауылынан күрес пен боксқа арналған спорт залын салу үшін сметалық жобасы дайындалып, сараптамадан өтті. Бүгінгі таңға аудандық бюджеттен 125 миллион теңге қаржы қаралып, спорт нысанының іргетасы қалануда.
Ауданды көркейту бойынша ауданның сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында аудан орталығындағы Амангелді көшесінің кіре берісінен заманауи евроқақпа орнату, көпқабатты 6 үйдің сыртқы келбетін әрлендіру мен шатырын ауыстыру, аумағын аббаттандыру, ауыстыру, балалар ойын алаңын орнату, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу обелискісін қайта жаңғырту, Қияқты ауылындағы обелискісін қайта жаңғырту, ондағы көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру бойынша аудан бюджетінен 170,0 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Сондай-ақ Бірлік ауылында орналасқан орталық саябақты абаттандыруға аудандық бюджеттен 76,0 миллион теңге, Биназар ауылында орналасқан орталық саябағын абаттандыруға 15,3 миллион теңге бөлініп, бүгінгі таңға жұмыстары аяқталды.
Былтыр барлық ауылдық округтерде орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу обелискілерін қалпына келтіру үшін аудандық бюджеттен 68,0 миллион теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
Аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу обелискісіне 3400 майдангердің тізімі тасқа жазылып ілінді. Сонымен қатар Мойынқұм ауылының кіре берісіне Мойынқұм ауданының эмблемасы орнатылып, айналасы абаттандырылды. Мойынқұм ауылының дизайнын көркемдік элементтермен және декоративті инсталяциялармен безендіру үшін 2025 жылы аудандық бюджеттен 31 миллион теңге бөлініп, Амангелді көшесіне 33 бағанаға гүл бейнесіндегі, Керей мен Жәнібек саябағының ішіндегі бағаналарға стакан бейнесіндегі жарықтармен безендірілді.
Ауылдың кіре берісіндегі «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» деген жазу алынып, оның орнына Мойынқұм атауы 3D форматындағы декортивті жазу орнатылды және табиғат бейнесімен әсемделді.
Сондай-ақ «Құралай сұлу» ескерткіш монументінің жанынан 3D форматындағы «Мойынқұм ауданына 60 жыл» деген стелласы орнатылды. Одан бөлек Мойынқұм ауылының орталығындағы «Жаз-ата» саябағы алдынан геометрия стиліндегі аркасы орнатылып, әр түрлі жарықтармен безендірілді.
Амангелді көшесінің бас жағынан этно стилдегі қазақи оюлармен нақышталған арка орнатылды. Сонымен қатар Мойынқұм ауылындағы Амангелді көшесінің бойындағы аллеяны абаттандыруға және Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақты қайта жаңғыртуға 86,5 миллион теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңға жұмыстар басталып кетті.
Төтенше жағдай және құқық қорғау саласы бойынша 2025 жылы аудан орталығында орналасқан өрт сөндіру бекетін қайта жаңғырту үшін республикалық бюджеттен 300 миллион теңге қаржы бөлініп, замануи үлгідегі жаңа өрт сөндіру бекеті осы жылдың наурыз айында пайдалануға берілді. Аудандық өрт сөндіру бекетіне жаңа «Хайлюкс пикап» автокөлігі және жаңа катер табысталды. Осы жылдың шілде айына дейін Мыңарал ауылынан яғни, Балқаш көлінің жағасынан заманауи үлгідегі құтқару пункті соғылатын болады. Жоғарыда атап өткен жаңа катер сол құтқару пунктіне берілетін болады.
Сондай-ақ 2026 жылға Мыңарал, Хантау, Ақсүйек, Қарабөгет ауылдарынан өрт сөндіру пункттерін соғу жоспарланған.
2025 жылы Шығанақ ауылынан 20 штатқа арналған полиция пунктінің ғимараты стандартқа сәйкес қайта жаңғыртылды. Аталған жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 17,0 миллион теңге бөлінді.
Білім саласы бойынша 2025 жылы Күшаман ауылындағы Амангелді орта мектебі апатты деп танылып жабылған болатын. Осыған орай бүгінгі таңға мектеп оқушылары мен шағын орталықтағы балалар ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында уақытша оқыды. Бүгінгі таңға облыстық құрылыс басқармасы арқылы жаңа 80 орындық мектептің сметалық құжаттары әзірленді. Сметалық құны 1,7 млрд.теңгені құрайды. Осы жылдың мамыр айында облыстық бюджеттен 800,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Алла қаласа, Күшаман ауылынан 80 орындық мектеп құрылысы бой көтеретін болады. Демеушілер, яғни «Алтыналмас» Акционерлік қоғамы есебінен 2025 жылы Ақбақай ауылының Сарыбұлақ учаскесінде орналасқан ауыз су насосына 130,0 миллион теңгеге трансформатор орнатылып, бүгінгі таңға ауыз су берілуде.
Ақбақай мектебінің жылу трассасы және ішкі жылу жүйесін 12,0 миллион теңгеге толығымен ауыстырды. Аудандық орталық ауруханаға 100,0 млн. теңгеге жылжымалы «Реанимобиль» автокөлігі алынып берілді, 35,0 млн.теңгеге балалар ойын алаңшасы салынып берілді. Осы 2026 жылы Ақбақай орта мектебінен «Смарт» кабинетін ашу, дала сахнасын орнату, футбол алаңшасын соғу жоспарлануда. Сонымен қатар «Аппақ тас» ЖШС демеушілік танытып Ақбақай ауылынан 14,0 млн.теңгеге жастарға стритворкаут салып берді.. Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
– Ауданның негізгі экономикалық дамуын ауыл шаруашылығы құрайды. Аудан табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты негізінен мал шаруашылығына маманданған. Ауданда 600-ге жуық шаруа қожалық тіркелсе, оның 450-ге жуығы мал бағытымен айналысуда. Мал шаруашылығы бойынша айтатын болсақ ауданда қой, жылқы, түйе және ірі қара өсіру жақсы дамыған. Әсіресе жайылымдық жерлердің көп болуы ірі қара мен жылқы шаруашылығын дамытуға қолайлы. Сонымен қатар «Агрофирма Түрікпен» ЖШС-нің Ресей Федерациясынан асыл тұқымды қалмақ сиырларының 10 мыңға жуық басын сатып алып келуіне байланысты, яғни өз есебінен төлдеудің арқасында соңғы 10 жылда ірі қара басы 30 мыңнан 60 мыңға дейін өсіп отыр. Ауданның көп бөлігі шөлейт және жайылымдық аймақ болғандықтан, ауыл шаруашылығы көбіне экстенсивті бағытта жүргізіледі.
Егін шаруашылығы жағдайына тоқталатын болсақ биылғы жылға 4,5 мың гектар жерге егістік егіліпті.
Былтырғы жылмен салыстырғанда 346 гектарға артық егілген. Оның ішінде 3,5 мың га жуық көп жылдық мал азығы болып отыр Көрші Шу ауданында қытайлық жүгері зауытының ашылуына орай дәндік жүгері дақылына 350 га дейін егуге басымдылық берілді. Қосымша суармалы жерлерде көкөніс, бақша өнімдері өсіріледі. Кей жерлерде бидай мен арпа да егіледі. Аталған өнімдерді тиімді суару үшін жылма-жыл аудандық бюджет есебінен бөгеттерді нығайтуға, шлюздерді жаңартуға, каналдарды механикалық тазалауға қомақты қаражат қарастырып отыр. Ағымдағы жылдың өзінде 90,0 миллион теңгеге жуық қаражат бөліп, нақты жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қаз СуШар» кәсіпорынының жұмысы жандануда. Нақтырақ айтатын болсақ үлкен эксковаторлар мен арнайы техникаларының берілуіне байланысты ауданның негізгі каналдарына механикалық тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар келер жылға «Сануй», «Оңгарбай», «Байбарақ», «Көк желек», «Күшаман», «Коминтерн» каналдарына «Күшаман», «Коминтерн» канал дарын бетондау жоспарлануда. Бұл өз кезегінде ағын судың тиімді пайдалануына үлкен септігін тигізеді деп отыр. Диқаншылар да ағын суды тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологияларына біртіндеп көшуде. 2025 жылы 63 гектар болса, 2026 жылға аталған егістік алқап 100 гектарға артып отыр. Аудан экономикасында мал шаруашылығы, тау-кенөндірісі, цемент өндірісі шылығы, тау-кен өндірісі, цемент өндірісі және шағын кәсіпкерлік негізгі рөл атқарады.
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, гранттар бөлу және инфрақұрылымдық қолдау көрсету жүзеге асырылып келеді. Ауданда сауда, қызмет көрсету, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс және көлік салаларында кәсіпкерлік белсенді дамуда. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында бөлшек сауда көлемі 1,9 миллиард теңгеден асқан. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жаңа инвестициялық жобалар қолға алынған. Бұл жобалар аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға және экономикалық белсенділікті қамтуға және экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Мойынқұм ауданында өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді.
Аудан экономикасында алтын өндіру, цемент шығару және кен өндірісі маңызды орын алады. Аудандағы ірі кәсіпорындардың қатарында: «Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалы-алтын өндіру саласында, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС цемент өндірісі, «Оргстрой» ЖШС- цемент өндірісі, «Оргстрой» ЖШСгранит өндірісі, «Шығыс кен басқармасы» гранит, барит өндірісі, «Эврика барит» ЖШС-барит өнімі өндірісі, «Мың-Арал» ЖШС-ЖШС-барит өндірісі, «Мың-Арал» ЖШС балық өндеу секілді өндіріс орындары жұмыс істейді.
Жамбыл цемент» зауытының жылдық өндірістік қуаты 1,5 миллион тонна цемент өндіруге жетеді.
2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 64,5 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш облыстағы аудандар Бұл көрсеткіш облыстағы аудандар арасында ең жоғары деңгейдің бірі.
Жалпы өнеркәсіп саласында 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында «Негізгі капиталға салынған инвестициялар» 6,0 млрд.теңгені құрады. Мойынқұм ауданында алдағы жылдары 7 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл жобалар: «Shagala Mining» ЖШС, «Аметист-2012 БР» ЖШС, «Total Energies» («Актас БР» ЖШС, «Total Energies» («Актас Энерджи» ЖШС), «Turan Industry» ЖШС, Энерджи» ЖШС), «Turan Industry» ЖШС, «Vie Mynaral» ЖШС, «VIE Shyganak» ЖШС, «Хантау АБК» ЖШС. Бұл жобалар ЖШС, «Хантау АБК» ЖШС. Бұл жобалар ауданда жаңа жұмыс орындарын ашуға, аудан өнеркәсіп өндірісін кеңейтуге, аудан экономикасына инвестиция тартуға бағытталған. Жоспарланған жобалар іске асқан жағдайда 850-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Мойынқұм ауылының жанынан көмір шикізатын өндіруге Қытай Республикасының инвесторы «Аншунь Энерджи» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, бүгінгі таңға ауданға тіркелді. Яғни жылдық қуаты 3,0 млн.тонна көмір өңдейтін, құны 150,0 млн. АҚШ долларын (75,0 млрд.теңге) құрайтын өндіріс орнын ашуды жоспарлауда. Бүгінгі таңға құжаттарын заңдастыру бойынша жұмыстарын жүргізуде және аудан әкімінің өтінішіне сәйкес демеушілік ретінде сол аумақта орналасқан 32 шаруа қожалықтың маңынан өтетін 93 шақырым автожол құрылыс жұмыстары жүргізілді. Аталған шаруа қожалықтары әкімнің игі істеріне алғыстарын білдіруде.
Жасыратыны жоқ, Мойынқұм ауданы десе, жас мамандардың бұл ауданға келе қоюы да қиын.
Ауданда 23 мектеп, 15 балабақша, 5 мектептен тыс мекемелері және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар.
2024 жылы Мыңарал ауылы мен Қарабөгет ауылындағы мектептер авариялық болып танылып жабылған болатын. Аталған 2 нысанға республикалық бюджеттен жалпы 3,4 миллиард теңге бөлініп, Мыңарал ауылынан 120 орындық және Қарабөгет ауылынан 80 орындық жаңа заманға сай мектеп ғимараттары бой көтеріп, пайдалануға берілді.
Ауылдық елдімекендерде спорт инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп, спорт алаңдары мен кешендері кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Қызылотау ауылдық округіндегі Күшаман ауылында шағын спорт зал салынуда. Жастар мен тұрғындардың бұқаралық спортпен тұрақты айналысу үшін ауданда барлығы 159 спорт нысаны бар. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақ күресі, дзюдо, еркін күресі, футбол, волейбол, бокс секілді бұқаралық спорт түрлері бойынша аудан спортшылары облыстық және республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетуде. Қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы Сабырбек Кемелбек, самбо күресінен жастар арасында Азия чемпионы Жұмадулла Оңалбай, қазақ күресінен Ерасыл Бағдаулет «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы.
Денсаулық сақтау саласында 1 орталық аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП, 10 медициналық тірек пункті халыққа қызмет көрсетуде. 2024 жылы Сарыөзек ауылындағы медициналық тірек ғимараты құрылысына 118,3 млн. теңге және инженерлік-коммуникациялық құрылысына 84,0 миллион теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 2025 жылы халық игілігіне пайдалануға берілді. Қазіргі таңға аудандық орталық аурухананы толықтай күрделі жөндеуден өткізу және замануи үлгідегі медициналық құрылғылармен қамтамасыз ету үшін, сметалық жобасын әзірлеуге жобалау-іздестіру жұмыстары құжаты алынып, облыс әкімдігінің денсаулық, құрылыс басқармаларына бюджеттік сұраным жолданды. Денсаулық саласында бүгінгі таңға 13 бірлік бос орындар бар. Яғни кадр тапшылығы байқалады. Кадр тапшылығын болдырмау мақсатында медициналық университеттерге сұраныстар жиі жолдануда. Ауданның бас дәрігері жоғары оқу орнындағы студенттермен кездесіп түсіндірме — үгіттеу жұмыстарын жүргізуде. Ауданда18 мәдениет ошағы халыққа қызмет етеді. Онда 104 қызметкер жұмыс атқарады. Айдарлы ауылындағы кітапхана мен 90 орындық клубтың құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталған болатын. Жобалық сметалық құны 256,0 млн.теңге. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілген. Ауданда халықты тұрғын үймен қамтылуы әрқашанда өзекті. Қазақстан Републикасының Заңдарына сәйкес, тек көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге болады. Жалпы 2024 жылы республикалық бюджеттен 159,1 миллион теңге, аудандық бюджеттен 71,1 миллион теңге қаражат бөлініп, екіпәтерлі 6 тұрғын үй сатып алынып, аудандағы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді. 2025 жылы республикалық бюджеттен 294,0 млн.теңге бөлініп, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 20 пәтер сатып алынды.
Жалпы ауданда 16 ауылдық округ бар. Барлығы қазынадағы бюджетке қарай жұмыс атқарады. Барлық ауылда да мәселелер бар. Жалпы Ұланбел, Ақбақай ауылдық округтерінің әкімдері ауылдағы кішігірім нысандарды демеушілік есебінен жандандырып жұмыс атқаруда.
Бірлік ауылдық округінде біраз өзгерістер болды. Облыс, аудан бюджеті есебінен орталық саябақ, стадион, мектеп, музей, генералдар аллеясына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Кеңес ауылдық округі Айдарлы ауылында да жаңашылдық бар. Яғни спорт кешені, 90 орындық ауылдық клубы, кітапхана нысандары бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Жақын арада бұл нысандар да халық игілігіне берілетін болады.
Аудандағы ең өткір мәселе, бұл «Ауданға газ қашан келеді» деген сұраққа жауап беру. Газдандыру бойынша ауданның 9 елді мекеніне (Айдарлы, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) газ құбырлары мен газ тартуға 2024 жылы 2,8 миллиард теңге бөлініп, толық игерілді. 2025 жылға республикалық бюджеттен 10,0 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,1 млрд. теңге — барлығы 11,1 млрд.теңге бөлініп, қазіргі уақытта 1-кезеңнің жұмыстары Шу ауданы шекарасынан, Айдарлы ауылына дейін 68,5 шақырым магистралды газ құбырының 62 шақырымы тартылды. Биылғы жылға республикалық және облыстық бюджеттен 4,5 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңға газ тарту жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы Газ тарту жобасы 7 кезеңге бөлінген. Қалған жобалар бойынша энергетика министрлігіне қосымша қаржыландыруға өтінім жолданды. 2030 жылға дейін жоғарыда аталған елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жоспарда тұр.
Өздеріңіз көріп отырғандай, Мойынқұм ауданында бүгінде қыруар жұмыс атқарылуда, жылдар бойы күрделеніп қалған проблемалар бірінің артынан-бірі шешіліп жатыр, халқы аудан басшысы Ермек Карентаевпен бірге жұдырықтай жұмылып іске кірісіпті! Осындай сын сағатта Парламент Мәжілісінің депутаттары да халықпен бірге болып, қолдау көрсетуде. Туған жердің дамуына атсалысу, халықтың сенімін ақтау –– әр азаматтың қасиетті парызы.
Ия, Мойынқұм ауданының 60 жылдығы мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдығы, ауданның «Мойынқұм таңы» газетінің 60 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті. Іске сәт, қымбатты мойынқұмдықтар!
Бұл мерейтой тек демеушілердің есебінен атқарылғанын еске салғым келеді.
Туған жердің дамуына атсалысу, халықтың сенімін ақтау –– әр азаматтың парызы.