Таразда отбасын қолдау орталығы жаңа келбетке ие болуда

0 53

🏗️ Шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков «Отбасын қолдау орталығы» ғимаратында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

🏢 Қазіргі таңда «Қаратау» шағын ауданы, №39 «А» мекенжайында орналасқан нысанда ауқымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қараусыз қалған ғимарат толықтай күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай жаңартылып, жаңа келбетке ие болуда.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған нысан Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде пайдалануға берілмек. Бұл орталық азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, кеңес беру және түрлі қолдау шараларын ұйымдастыру бағытында қызмет атқаратын болады.

👨👩Нысанды аралау барысында қала әкімі орталықтың тұрғындар үшін барынша қолжетімді әрі тиімді жұмыс істеуін және мұнда көмекке мұқтаж азаматтардың барлық санаты еш кедергісіз келіп, қажетті қызметтерді алуына барлық жағдай жасалуға тиіс екенін айрықша атап айтты.

✨ Сонымен қатар ғимараттың ішкі және сыртқы келбеті ғана емес, оның функционалдық мүмкіндіктері де жоғары деңгейде болуы керектігін жеткізді. Осыған байланысты жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.