ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ — ШАРУАШЫЛЫҚ ҮШІН ТИІМДІ БОЛМАҚ
Бүгінде үкімет тарапынан ауылшаруашылық саласын қолдауға түрлі шаралар қабылданып келеді. Ауданымызда аталмыш салаға баса назар аударылып, жаңа технологияларды енгізу жұмыстары жүйеге қойылып жатыр.

Осы орайда, ауданда «Ауыл аманаты» жобасы аясында құрылған «Nur-Tleu» ауыл шаруашылығы кооперативі 130 гектар алқапта су үнемдеу технологиясын енгізді. Аталмыш кооперативте су үнемдеу мақсатында 30 гектарға спринклерлі суару жүйесі және 100 гектарға жаңбырлатып суару машинасын орнатты. Жалпы инвестициялық жоба құны 150 млн. теңгені құрады.
Су үнемдеу технологиясы енгізілген алқап көлемін ұлғайту мақсатында кеңінен жұмыстар атқарылуда.
Үкімет тарапынан су үнемдеу технологиясының жүйесі мен инфрақұрылымы үшін берілетін субсидиялау тетіктері де пайдаланылуда.
Сонымен қатар, кооператив су үнемдеу технологияларын енгізу алдында егістік алқаптарын лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістеу жұмыстарын жүргізген.