Әскери-патриоттық ойындардың ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов қатысты.
Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыстың барлық аудандарынан іріктеуден өткен 12 команда қатысуда. Қатысушылар «Сарбаз жолы» тактикалық кедергілер жолағы, әскери-спорттық эстафета және «Рухты сарбаз» ұлттық ойындары кезеңдері бойынша өзара бақ сынау үстінде.
Сайыс барысында жастардың физикалық дайындығы, шапшаңдығы мен төзімділігі ғана емес, әскери машығы, тарихи танымы және командалық ауызбіршілігі де сыналады.