Бөлімге жаңа басшы тағайындалды
Сарысу ауданы әкімінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 54-ж/қ өкіміне сәйкес Әлімқұлов Елнұр Базылбекұлы Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бөлім басшысын Сәкен Мамытов құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының орындалуын тұрақты бақылауға алу, Жер учаскелерін беру, жалға беру, нысаналы мақсатын өзгерту рәсімдерінің заңдылығын қамтамасыз ету және басқа да жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді. Мұнан соң аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев та ізгі тілектерін жолдап, жемісті қызмет ете беруіне тілектестігін жеткізді.

Еңбек жолын 2013 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Информационный Центр – Тараз» ЖШС-де қарапайым жұмысшы болып бастаған.
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының әскер қатарында міндетін атқарған.
2015-2021 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы.
2021-2024 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы.
2024-2025 жылдары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы.
2025 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.