Таразда үй тонаумен айналысып келген шымкенттік құрықталды

0 317

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Тараз қаласының 48 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, түнгі уақытта ауласынан құны 50 мың теңгеге шамалас автобөлшектердің ұрланғанын хабарлаған.

Аталған дерекке қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің  188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары бастаған жамбылдық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бұған дейін де облыс орталығындағы жекеменшік  үйлердің бірінде  құны 250 мың теңге тұратын  велосипед  ұрлағаны  анықталды.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.