Жамбыл облысында мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

– Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, халықтың болмысын айқындайтын асыл қазына. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласын дамыту ұлт сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін ерекше атап өткен болатын.Облысымыздағы театр әртістері, әншілер, күйшілер, бишілер, кітапхана мен музей қызметкерлері, мәдениет үйлерінің мамандары ұлттық өнерді ұлықтап, ел руханиятының дамуына зор үлес қосып келеді. Өнер ұжымдарының халықаралық және республикалық байқаулардағы жетістіктері Әулиеата мәдениетінің абыройын асқақтатып жүр. Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс пен толайым жетістік тілеймін, – деді Ербол Қарашөкеев.