Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл турлы бірінші президент сайты хабарлайды.
“Тұңғыш президент – елбасының шешімімен Ахметжан Есімов тұңғыш президент-елбасының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындады”, – делінген хабарламада.
Ахметжан Есімов 28 наурызда “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басшысы қызметінен кетті. Оның орнына Алмасадам Сатқалиев қор басшысы болып тағайындалды