«Адалдық пен даналық» аудандық байқауы өз мәресіне жетті

0 47

Жамбыл облысы Қордай ауданында жастар мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Адалдық пен даналық» аудандық байқауы өз мәресіне жетті

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты адалдыққа, әділдікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Байқау барысында мектеп оқушылары адалдық пен адамдық тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді көркем жеткізуден бақ сынасты. Қатысушылар өз өнерлері мен шығармашылық жұмыстарын паш етіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен оқ бойы озық шыққан байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ қаржылай және бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер тізімі:

1 орын: Асан Ерболат – М.Мақатаев атындағы негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы;

2 орын: Батырхан Жадыра – №35 Рза Кунакова атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы;

3 орын: Серік Мадина – Смағұл Сәдуақасұлы атындағы негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы.

Ұйымдастырушылар тағылымы мол іс-шараға белсенді атсалысқан барлық қатысушыларға, мектеп ұстаздарына және қолдау көрсеткен аудан жұртшылығына алғыс білдірді. Сала мамандарының пікірінше, мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқықтық сананы ерте жастан қалыптастыруға септігін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.