Тараз бен Жамбыл облысында 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа жүйесі енгізіледі

0 59
2026 жылдың 10 маусымы мен 31 тамызы аралығында балаларды 1-сыныпқа қабылдау және құжат тапсыру бойынша бірыңғай цифрлық платформа арқылы пилоттық жоба іске қосылады.
Screenshot
🔹 Ата-аналар өтінішті eGov электронды үкімет порталы және «OQU» ұлттық білім беру платформасы арқылы бере алады. Жаңа жүйе қабылдау процесін бір мемлекеттік платформаға біріктіріп, мектеп пен білім бөлімдерінің сайттарын аралап әуре болуды жояды.
Screenshot
🔹 Егер бала мектепалды даярлықтан өзі әрі қарай оқуды жоспарлаған мектепте өтсе, онда 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Ата-аналарға тек өтініш беру жеткілікті.
Screenshot
🔹 Ал басқа мектеп таңдалған жағдайда құжаттар қолданыстағы қабылдау ережелеріне сәйкес жалпы тәртіппен тапсырылады.
🎒 Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін жүйеде виртуалды «Күту бөлмесі» қарастырылған. Жүктеме жоғары болған жағдайда ата-аналар өз кезегін онлайн бақылай алады — концерт билетін күткендей, бірақ мұнда мектеп сөмкесі, форма мен алғашқы қоңырау маңыздырақ.
Screenshot
📅 Құжат қабылдау 2026 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.