ҰЛТ ҰСТАЗЫНА ҚҰРМЕТ: ҚАПАШ ТАСБОЛАТҰЛЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ

0 53
Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында көрнекті ғалым, педагогика саласының өкілі, профессор Қапаш Тасболатұлының 100 жылдығына арналған «Ұстаз. Ғалым. Тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Тағылымды іс-шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Зиба Құламанова, филология ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Көпбаева, ауданның зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ардагер ұстаздар мен шәкірттері қатысуда.
🔹Іс-шара барысында Қапаш Тасболатұлының аты берілген арнайы кабинет ашылып, салтанатты түрде лентасы қиылды. Кабинеттің ашылу рәсіміне жиналған көпшілік ғалымның өмір жолы мен ұстаздық мұрасына тағзым етті.
🔹Жиында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы сөз сөйлеп: «Қапаш Тасболатұлы — қазақ педагогикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, ел ағарту ісінің өркендеуіне еңбек сіңірген тұлға. Ол кісінің ғибратты ғұмыры — кейінгі ұрпаққа үлгі, жас педагогтерге бағыт — бағдар беретін үлкен мектеп», – деп атап өтті.
🔹Сондай-ақ, конференция аясында қонақтар арнайы көрмемен танысып, Қапаш Тасболатұлы туралы бейнефильм тамашалауда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.