Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
Ислам дінінде ағза трансплантациясына рұқсат бар. Алайда ҚМДБ бұл мәселеге қатысты нақты талаптар бекіткен. Ең әуелі трансплантация науқасты құтқарудың соңғы мүмкіндігі болуы шарт. Сондай-ақ донордың өлімі толық әрі нақты расталуы керек.
Ми қызметі тоқтап, жүрегі аппарат арқылы соғып тұрған адамнан ағза алуға болмайды. Шариғат бойынша марқұм көзі тірісінде ағзасын донорлыққа беруге өсиет етуі тиіс.