Таразда Илья Жақановтың 90 жас мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласында қазақ руханиятының көрнекті өкілі, «Қазақстанның Еңбек Ері», Қазақстанның және Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор, жазушы, өнер зерттеушісі, суретші Илья Жақановтың 90 жылдығына арналған «Әнім саған, туған ел!» атты салтанатты кеш өтті.



