ЖАҢАТАСТА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНЫЛУҒА БЕРІЛДІ
15 мамыр — Отбасы күніне орай, 6 шағынаудан, 11/3 тұрғын үйдің ашылу салтанаты өтті. Жаңа пәтерлер әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтуға бағытталып отыр. Мерейлі мереке қарсаңында пайдалануға берілген 60 пәтерлі 6 шағынаудан 11/3 тұрғын үйдің ашылуына қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, барша сарысулықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

Барша шаңырақ иелеріне шаттық тілеп, жаңа қоныстың берекелі болуына тілектестігін білдірді. Мұнан соң «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Жұлдыз Мейірманова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев та ізгі тілегін арнап, әлеуметтік қамту мемлекеттің басты назарында екенін жеткізді.