АНАЛАР – БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Семинарды Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Орынбасарқызы Ахатай жүргізіп, модераторлық етті.
Семинар барысында өңірлерден келген Аналар кеңесі өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Атырау облысы Құрманғазы аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Балғаным Хасенова ауылдық жерлердегі аналардың қоғамдық белсенділігі мен отбасы тәрбиесіндегі жұмыстарға тоқталды.
Ал Алматы облысы Райымбек аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Балжан Омарова ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді өскелең ұрпақ бойына сіңіру бағытындағы бастамаларды сөз етті.
Жиын соңында өңірлерде белсенді еңбек етіп жүрген бірқатар аналар Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың және Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаидың Алғыс хаттарымен марапатталды.