ЕҢСЕЛІ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан
үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды
ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.

Ұлы Жеңісті жақындатқан Тыл ардагерлеріне құрмет қашан да жоғары тұрмақ. Тыл ардагерлерінің еселі еңбектері тарихта алтын әріптермен жазылатыны анық.

Осы орайда, бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов бастаған аудандық зиялы қауым өкілдерімен бірге аудандағы Тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтадық. Құттықтау шарасы барысында еселі еңбек иелеріне қажымас қайрат тіледік. Өз кезегінде Тыл ардагерлері еліміздің амандығын тілеп, ақ батасын берді.