Ескі Күйік асуында көлік қозғалысы қайта ашылды

0 24
 Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы қайта жанданды.

«2026 жылғы 4 мамыр сағат 10:10-да республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 546-557 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ескі Күйік асуы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады», — делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК таратқан хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

istockphoto.com

Jambylinfo.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.