Бірлік пен ынтымақ мерекесі

0 44
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Мойынқұм ауданының орталығы – Мойынқұм ауылының орталық алаңында кең көлемді мерекелік шара ұйымдастырылды.
Берекелі мерекеде аудан әкімі тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықтың нығаюына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды арнайы марапаттады. Бұл – еңбектің еленіп, бірліктің бағаланған сәті болды.
Шара барысында білім беру мекемелерінің ұжымдары сахна төрінде түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билерін нақышына келтіре орындап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Әрбір би – бір мәдениет, әрбір мәдениет – ортақ шаңырағымыздың байлығы екенін тағы бір дәлелдеді.
Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән шырқап, көпшілікке рухани демалыс сыйлады. Әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күй алаңды нағыз мерекелік атмосфераға бөледі.
Бірлік бар жерде – тірлік бар. Осындай игі шаралар ел ішіндегі ауызбіршілікті арттырып, ұлттар арасындағы достықты одан әрі нығайта түсетіні анық.
Leave A Reply

Your email address will not be published.