Екібастұз әкімі 2 жасар баланы құтқарып қалған тұрғынға сыйақы табыстады

0 67

Скриншот

Екібастұз әкімі 2 жасар баланы құтқарып қалған тұрғынға сыйақы табыстады: 22 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин ашық терезе алдында тұрған екі жасар баланы құтқарғып қалған тұрғынды марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қаламызда көпқабатты тұрғын-үйдің терезесінде қауіпті жағдайда қалған кішкентей бала құтқарылды.

Қала тұрғыны Тоқан Байдильдин дер кезінде әрекет етіп, ықтимал қайғылы жағдайды алдын алды

Оның жедел шешім қабылдауы мен батыл әрекетінің арқасында жазатайым оқиғаның жолы кесілді.

Мұндай жағдайлар азаматтық жауапкершілік пен бір-біріне деген жанашырлықтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Тоқан Байдильдинге жасына қарамай көрсеткен ерлігі, батылдығы және бейжай қалмаған азаматтық ұстанымы үшін шынайы алғысымды білдірдім», — деді әкім.

Екібастұз әкімі сөз соңында ерлік танытқан тұрғынға 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280234-ekibastuz-akimi-2-zasar-balany-qutqaryp-qalgan-turgynga-syiaqy-tabystady

Leave A Reply

Your email address will not be published.