Ауыл шаруашылығы – аудан тірегі

0 81
Ауданда мал шаруашылығы – экономиканың негізгі тіректерінің бірі.
Көктем мезгілімен бірге мал төлдету науқаны да қарқын алды. Қазіргі таңда «қой қоздап, қорада шу көбейген» жауапты кезеңде шаруалар бар күш-жігерін салып, науқанды сапалы өткізуге кіріскен. Биыл ауданда 425 971 бас қой болса, оның 216 259-ы саулық ретінде төл алуға қатысуда.
Малдың күйлі болуы үшін қажетті жем-шөп қоры толық дайындалған. Атап айтқанда, 314 253 тонна шөп пен 58 000 тонна құнарлы жем қыстауларға жеткізіліп, сақман жұмыстары жүйелі ұйымдастырылған. Сондай-ақ 155 қора жөндеуден өткізіліп, толық дайындық қамтамасыз етілді.
Бүгінде ауданда 59 720 қозы, 1 280 лақ, 5 823 бұзау және 1 295 құлын алынып отыр. Бұл – тынымсыз еңбектің нақты нәтижесі. «Бай-Нұр» және «Медет» шаруа қожалықтарында төл алу науқаны сәтті аяқталды.
Мал шаруашылығындағы өсім өңірдің ет өндірісіне де оң әсер етуде. Осы бағытта жұмыс істейтін «Первомайские деликатесы» ЖШС тәулігіне 300 бас ұсақ мал мен 50 бас ірі қараны өңдеп, аудан экономикасының дамуына үлес қосып келеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.