Саудаға делдал араласса, баға шарықтайтыны анық. Ал, бұған шектеу қоюдың жалғыз жолы — ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін жүйелі ұйымдастыру. Сондықтан Жамбыл облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы апта сайын Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінің алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді қолға алған болатын.