istockphoto.com
Павлодар облысының тұрғыны кісі қолынан қаза тапты: 22 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Павлодар облысы Ақсу қаласында әйел кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Әйелді өлтіру дерегі бойынша Ақсу қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, — делінген хабарламада.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280226-pavlodar-oblysynda-aiel-kisi-qolynan-qaza-tapty