Маңғыстауда жайылған түйе қоқыс тастамауды сұрады

0 156
Маңғыстауда жайылған түйе өркешіндегі «Қоқыс тастама!» жазуы – бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Бұл жай ғана сурет емес, бұл – табиғаттың адамзатқа айтқан ескертуі.
Маңғыстаудың ерекше ландшафты, ақ борлы таулары мен қиырсыз жазығы – теңдесі жоқ қазына. Алайда, осы сұлулықты көруге келген кейбір саяхатшылардың мәдениеті қоқыс тастаудан аспай тұр. Осындай оқиғалар маңғыстаулықтарды алаңдатып, ЖИ көмегімен жерлестеріне үндеу жолдайды.
Бозжыра мен Шерқаланың, Каспий жағалауы мен өңір сұлулығын сақтап қалу үшін үлкен күштің қажеті жоқ. Тек өзіңнен кейін тазалық сақтасаң жеткілікті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.