Құланда мал бордақылауға арналған алып кешен іске қосылды
Биыл «Дәулетбай» шаруа қожалығы 1000 бас мүйізді ірі қараны бордақылап, сою, сақтау, тоңазыту және мал терісін өңдеу кешенінің құрылысын аяқтап іске қосты.
Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың айтуынша, ауданда мал басының барлық түрі бойынша өсім 104,3-тен 122,4 пайызға жоғарылаған. Ал мал өнімдерін өндіру 102,8-ден 107,7 пайызға өскен.
Бүгінгі күнге ауданда мүйізді ірі қарамен – 5, қой-ешкімен – 6, жылқы және шошқамен бір-бір асыл тұқымды шаруашылықтар айналысады.
Сондай-ақ аудан 2650 бас мүйізді ірі қараға арналған – 12, жылқының 780 басына арналған – 5, Шопан ата түлігі 3600 бас қойды ұстауға – 4, бұдан бөлек 30 мың жалпақтануға арналған бір мал бордақылау алаңы бар.
Биыл «Дәулетбай» шаруа қожалығы 1000 бас мүйізді ірі қараны бордақылап, сою, сақтау, тоңазыту және мал терісін өңдеу кешенінің құрылысын аяқтап іске қосты. Ал «Шалқар» шаруа қожалығы 1500 басқа, «АлРай» шаруа қожалығы 1000 басқа арналған мүйізді ірі қара бордақылау кешендерін, сонымен қатар Құмарық ауылында «Жастар болашағы» шаруа қожалығы 100 басқа арналған сауын сиыр фермасын іске қосқалы отыр.