БАБА РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ
Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округіне қарасты “Көсегенің көк жонында” Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан “Таза Қазақстан” жобасындағы “Мөлдір бұлақ” республикалық акциясы аясында игі шара өтті.


Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы сөз сөйлеп, табиғатты аялауға бағытталған игі шараның маңыздылығына тоқталды. Акция барысында қатысушылар тал отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
