Кеңесші органның кезекті отырысы өтті

0 45
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбектің төрағалығымен мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кезекті комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тантай Ахметжанов баяндама жасап, 2026 жылғы 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық» атты айлық өткізілгенін атап өтті.
⠀Аталған кезеңде аудан аумағындағы халыққа қызмет көрсету орындарындағы көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкестігі зерделеніп, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктердің басым бөлігі дер кезінде жойылып, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жекелеген елді мекендердегі атауларды мемлекеттік тіл талаптарына сәйкестендіру қажеттігі көтеріліп, өтініштер негізінде бірқатар нысан атаулары қазақ тілінде рәсімделді.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек аталған мәселелер бойынша тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Ол мемлекеттік тілдің қолданылуын одан әрі қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою және көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестігін бақылауды жүйелі жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.