Желідегі әр сөз үшін жауап беретініңізді білесіз бе?
Көбінесе әлеуметтік желідегі пікірлер немесе мессенджерлердегі аудиожазбалар жай ғана «эмоция» болып көрінуі мүмкін. Бірақ заң алдында бұл — нақты қылмыс.
Ақпаратты бөліспес бұрын оның рас-өтірігін тексеріңіз.
Ұлттық намысқа тиетін пікірлер жазбаңыз.
Арандатушылардың арбауына ермеңіз.
Жамбыл облысы — біздің ортақ үйіміз. Бірлікті сақтау — әр азаматтың парызы.