Бойжеткен қыз ақыл тісін жұлдыртқаннан кейін бірден комаға түсіп, көз жұмды
Екатеринаның анасы қызының жағдайына күмән келтіріп, клиника қызметкерлері оны тыныштандыратын дәрілермен ұстап отыр деп болжам жасаған. Кейін Ресейден келген дәрігерлер қыздың жағдайын уақытша тұрақтандыруға қол жеткізген.
Жақындары мен бейжай қарамаған адамдардың көмегімен оны Ресейге жеткізуге қаражат жиналған. Алайда арнайы медициналық ұшақ табылмағандықтан, Екатеринаны жолаушылар ұшағымен, медикаментозды ұйқы жағдайында алып келген.
Өкінішке қарай, ол есін жимастан көз жұмды. Қайғылы жағдайдың нақты себебі сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.