Ұлттық спорт күніне орай жарыс ұйымдастырылды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай сотталған азаматтардың қатысуымен спорттық іс-шара өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтына баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Іс-шара барысында ұлттық спорт түрлері бойынша, атап айтқанда тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту сынды жарыстар ұйымдастырылды.
Жарысқа қатысушылар белсенділік танытып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Әрбір спорт түрі бойынша жеңімпаздар анықталып, мекеме әкімшілігі тарапынан ынталандыру шаралары қарастырылды.
Іс-шараны өткізу барысында режим талаптары мен қауіпсіздік шаралары толық сақталды. Мұндай мәдени-спорттық шаралар сотталғандардың тәртібін жақсартуға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және олардың қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізеді.