Ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталды
Наурыз мейрамы аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталды.
Мерекеге орай наурыз көже дайындалып, қатысушыларға ұсынылды. Ұлттық тағам – наурыз көже қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі асы болып, молшылық пен берекенің символы саналады.
Наурыз көже жеті түрлі дәмнен дайындалып, әрбір құрамдас бөлігі өмірдің маңызды құндылықтарын – денсаулық, табыс, ырыс пен амандықты білдіреді.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерді сақтау және бірлікті нығайтуға ерекше мән берілді. Қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйланып, Наурыз мейрамының маңызы кеңінен түсіндірілді.
Наурыз – жаңару мен татулықтың мерекесі. Аталған шара ұжым арасындағы ынтымақ пен өзара құрметті арттыруға ықпал етті.