Ұлттық киім – ұлт айнасы
Наурыз мейрамы аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде атап өтілетін Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін және ұлттық болмысын дәріптейтін ерекше күн.
Осы мерекеге орай мекемеде ұлттық киім күні ұйымдастырылып, қызметкерлер қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, ұлттық нақышты насихаттады. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды таныту, ата-баба дәстүріне деген құрметті арттыру және ұлттық рухты нығайту.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Ұлттық құндылықтарымызды сақтау – әр азаматтың қасиетті парызы». Бұл сөздер ұлттық киімнің тек өткеннің мұрасы ғана емес, бүгінгі күннің де ажырамас бөлігі екенін айқындайды.