Ұлттық киім – ұлт айнасы

0 37

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде 18 наурыз – Ұлттық киім күніне арналған мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл шара сотталған азаматтардың рухани дамуына оң ықпал етуді көздеді.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының және Қазақстанда мекендейтін өзге де этностардың ұлттық киімдерінің тарихымен танысты. Әрбір киім үлгісінің өзіндік ерекшелігі, оның ою-өрнектеріндегі терең мағына мен тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, тақырыптық презентациялар ұсынылып, шығармашылық байқаулар өткізілді. Қатысушылар өздерінің өнерін көрсетіп, ұлттық нақыштағы жұмыстарын ортаға салды.
Мұндай тағылымы мол іс-шаралар сотталған азаматтардың бойында ұлттық мәдениетке деген құрметті қалыптастырып, олардың рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуына ықпал етеді. Ұлттық киім күні – ұлт тарихын ұлықтап, дәстүр сабақтастығын жалғайтын маңызды мереке.

Leave A Reply

Your email address will not be published.