Мысық та ғылыми мақала жаза алады: «физик ғалым» Честердің ерекше оқиғасы
сурет: istockphoto.com
Мысық та ғылыми мақала жаза алады: «физик ғалым» Честердің ерекше оқиғасы: 18 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Ғылыми мақала авторлары қатарында мысық та бар екенін білесіз бе? Физика саласындағы үш ғылыми мақаланың тең авторы ретінде көрсетілген. Тіпті олардың біріне кейін 100-ден астам рет сілтеме жасалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл оқиғаның басты кейіпкері – америкалық физик Жек Хезерингтон. Ол ғылыми мақаласын жазу барысында мәтінде үнемі «біз» деген көпше түрді қолданған. Алайда ғылыми журнал редакциясы мақаланы бір автор атынан жариялау үшін «мен» деп түзетуді талап етеді.
Сол кезеңде мәтінді қайтадан машинкамен толық теріп шығу қиын болғандықтан, ғалым күтпеген шешім қабылдап, өзіне «серіктес» қосады. Осылайша авторлар қатарына оның үй мысығы Честер енгізіледі.
Мысық ғылыми ортада F.D.C.Willard деген атпен танылды. Кейін бұл мақала кеңінен таралып, ғылыми еңбектерде жиі қолданылып, сілтемелер жасалған.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278301-mysyq-ta-gylymi-maqala-zaza-alady-fizik-galym-cesterdin-erekse-oqigasy