БАСТАҢҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ САУЫҒЫ
Салт-дəстүріміздің кейбірі ел арасында кең етек жайып жүрсе, енді бірі мүлде ұмыт қалып барады. Əсіресе, жастарымыз біле бермейтін əдет-ғұрыптар жетерлік.Ата — бабаларымыздан жəдігер болып қалған салт — дəстүрлер, əрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпейтіні анық.


Басқосудың шымылдығы қазақтың қара домбырасымен ашылып, тəтті күй төгіліп, келген көрермендер халық əндерімен құлақ құрышын қандырды. Жастар жағы «Бастаңғы» дәстүрі аясында әннен шашу шашып, сауыққа толы кештің көркін кіргізді. Шараны аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков пен ауданымыздың зиялы қауым өкілдері тамашалады.