РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕГІ 7.00-гі ЖАҒДАЙ

0 121

Бүгін Жамбыл ауданында референдум учаскелері таңғы 07:00-де өз жұмысын бастап, тұрғындар таң атқаннан бастап дауыс беруге келуде.

Аудан тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап, референдумға қатысуда. Учаскелерге келушілердің қарасы таңғы уақыттан-ақ байқалып, дауыс беру үдерісі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтуде.

Жамбыл ауданында барлығы 24 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлық учаскелерде комиссия мүшелері мен жауапты мамандар тұрғындарға қажетті жағдай жасап, дауыс беру тәртібін түсіндіруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.