РЕФЕРЕНДУМ БАСТАЛДЫ

0 50
Бүгін еліміз үшін аса маңызды оқиға саналатын жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр.
Учаскелерде дауыс беру процесін ресми түрде бастады. Референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де Әнұранмен ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Әр учаскелерде келген сайлаушылардың қарасы мол. Айта кетейік, ауданда 25 референдум учаскелерінде халық өз таңдауларын жасайтын болады.
ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА
Ұлтымызды бір арнаға ұйыстырған референдум жұмысы қарқынды басталды.
Алғашқы дауыс беруші Алтынбекова Раушан референдум учаскесіне келіп, еліміздің болашағы үшін дауыс берді: — Мен елімнің жарқын келешегі үшін дауысымды беріп отырмын. Жайдары жексенбіде өтіп жатқан саяси науқанның салмағы зор. Референдумнан құр қалмай дауыс беру аса маңызды іс, — деді.
ТЫЛ АРДАГЕРІ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ
🔰Еліміз бойынша өтіп жатқан саяси науқанға жасы да жасамыз қарттар да қатардан қалмай дауыстарын беріп жатыр.
🔰Тыл және Еңбек ардагері, қарт сайлаушы Сақи Сақыпбекұлы №364 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Маңызды науқанда Сақи қария елдің амандығын тілеп, сарысулықтарды белсенді болуға шақырды.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
🔰15 наурыз — Жалпыхалықтық референдумның өтуіне орай, қаламыздағы Бейбітшілік көшесінде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп жатыр.
🔰Жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жеміс жидек, көкөністер өнімдері шығарылып, өнімдер нарық бағасынан 20 пайызға төмен бағада тұрғындарға ұсынылды. Айта кетейік, азық-түлік жәрмеңкесі әр апта сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
АРДАГЕРЛЕР АУҚЫМДЫ НАУҚАНҒА АТСАЛЫСУДА
🔰Жалпыхалықтық референдум аудан халқы үшін өзектілігін жоғалтпақ емес. Жас та, жасамыс келген қарт кісілер де саяси науқанның салмағын сезініп, өз таңдауларын жасауда.
🔰Осы орайда, аудандағы референдум учаскелерінде ардагерлер кеңесінің мүшелері де қоғамға қозғау салған саяси науқанға белсенділік танытуда. Зиялы қауым өкілдерінің басты арманы — елдің тыныштығы мен тұрақтылықтың сақталуы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.