ЖАҢА РЕФОРМА СПОРТ САЛАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРМЕК

0 13
Елімізде қабылданғалы жатқан жаңа Конституциялық реформада ұлт саулығы, салауатты өмір салтын сақтау туралы да айтылған.
Осы орайда, аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері спортшылармен кездестік. Кездесуге сонымен қатар, аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы, аудандық Бокс мектебінің ұжымы да қатысты.
Жиында жаңа реформаның жобасын жан жақты түсіндіріліп, спортшыларды алда өтетін референдумға қатысуға шақырдым.
Айта кетейін, кездесуге қатысқан бокстан әлем чемпионы, ауданымыздың мақтанышы Серік Өмірбеков те өз ойын білдіріп, елдік жүйеге сенім артатынын жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.