ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҮНДЕСТІГІ

0 74
Қазақ отбасында ерекше орны бар, ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы саналатын асыл жандар бар. Олар әрине, ата-әжелер. Қариялар – отбасының шежіресі, ұрпақтың рухани ұстазы, тәрбие мен тағылымның қайнар көзі. Бала — ата — ананың жүрек жемісі. Шынында да, әр баланың жетістігінің артында ата-ананың маңдай тері, ақыл — кеңесі, қолдауы мен жауапкершілігі тұрады.
🔰Осы орайда, Ақтоғай орта мектебінде «Отбасы мен мектеп: рухани құндылықтар үндестігі» атты ата-аналар форумы өтті. Шараға қатысқан аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов құттықтау сөз сөйлеп, отбасы құндылықтары туралы кеңінер ой қозғады.
Сондай-ақ, отбасы тәрбиесі тақырыбындағы мұндай тағылымды іс шаралардың аса маңызды екенін алға тартты. Форум барысында Жуаныш Қалықбергенұлы мен Аманжол Асылбекұлы түрлі сайыстарда жетістіктерге жеткен оқушылардың ата-аналарына марапаттауларды тапсырды. Іс — шара барысында «Шабыт » ардагерлер тобы «Жайлаукөл кештері», 2-сынып оқушылары «Келіншек күй» биін, 6 — сынып оқушылары «Рух» әнін хормен орындаса, мектеп ұжымы «Бақыт деген не өзі?» көрінісі көптің көңілінен шықты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.