Ертең наурызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдаудың соңғы күні

0 41
Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау ертең сағат 23:59-да аяқталады. Көрсетілген уақыттан кейін тест тапсыру пунктін, күнін және уақытын өзгерту мүмкін болмайды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
✔️Бейіндік пәндер мен тестілеу тілін өзгертуге тест басталуына 24 сағат қалғанда ғана рұқсат етіледі.
Мамандар талапкерлерді өтініш беру барысында барынша мұқият болуға шақырды.
⏰Наурыз айындағы тестілеу уақыты – 4 сағат, яғни 240 минут. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт сақталады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.