ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады.
«QazEcoPack» ЖШС-ның скотч шығаратын өндіріс желісі іске қосылып, алғашқы өнімдер өндіріле бастады. Зауыттың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті құттықтады.

«QazEcoPack» компаниясы жобасының іске қосылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді. Осы бастаманы жүзеге асырған Халмет Думан ағамыз бен кәсіпорын ұжымына сәттілік және табыс тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі