СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

0 35
КЕЛЕСТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ.
💦Бүгінде Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын ендіру жұмыстары атқарылып жатыр. Тарқата айтсақ, аудандағы Ошақты ауылдық округіндегі 120 гектар жер аумағына жаңбырлатып суару технологиясын енгізу жобасының құрылысы жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны – 316 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін бес адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
🌿Жоба аясында су тапшы аймақта жаңбырлатып суару технологиясы арқылы мал азығын өндіріледі. Бұл өз кезегінде өнім көлемін арттырып қана қоймай, су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясын енгізген шаруаларға нақты қолдау көрсетілуде. Осы ретте, ұңғыма бұрғылау, құбыр тарту және су үнемдеу жабдықтарын сатып алу шығындарының 80 пайызына дейінгі бөлігі өтеледі.
Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы
Leave A Reply

Your email address will not be published.