ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ЗЕРДЕЛЕДІ
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов қаладағы қатты желден зардап шеккен тұрғынүйлер мен нысандардағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын зерделеді.

Зерделеуге сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудан әкімдігінің қала құрылысы және сәулет бөлімінің уақытша міндетін атқарушы Мұхамедали Кеңесов және Жаңатас қаласының әкімі Илияс Домалақов та бірге аралады.


Сонымен қатар, тұрғындармен тілдесіп, аудандағы ахуал басты назардан түспейтінін айтты. Бүгінде жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.
